«Сарыарқа» ауданында бекітілген талаптарға сай келмейтін жарнамалық маңдайшаларды алып тастау жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан 450-ден астам заңсыз маңдайша демонтаждалды.
Айта кету керек, талапқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды демонтаждау, басқа жарнама орнатуға тыйым салмайды. Кәсіпкерлер дизайн-код талаптарына сай жаңа маңдайшалар жасап, өз жарнамаларын орналастыра алады.