Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық рейдтер

Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық рейдтер
«Сарайшық» ауданының жеке тұрғын үйлерінде ТЖБ және аудандық әкімдікпен бірлесіп өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық рейдтер өтті. Қазіргі уақытта 18 дана түтінге қарсы датчик орнатылды.
 
Алдын-алу жұмыстары кезінде мамандар түтінге қарсы датчиктер орнатып, тұрғындармен әңгімелесіп, күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін қолжетімді түрде түсіндірді. ТЖБ инспекторлары тұрғындарға өрт болған жағдайда тез әрі дұрыс әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.
 
Шамалы жану немесе өрт туындаған кезде «101», «112» телефондары бойынша өртке қарсы қызметті дереу шақыруды сұраймыз.