22 қаңтардан бастап «Сарайшық» ауданының әкімдігі «Халық қатысатын бюджет-2025» жобасына өтінімдер қабылдауды бастады.
Жоба аулаларды күрделі жөндеуден өткізу, гүлзарлар, саябақтар және басқа да қоғамдық кеңістіктерді құру бойынша азаматтардың бастамаларын қолдауға бағытталған.
Өтінімдер 1 наурыз сағат 12:00-ге дейін қабылданады. Осы уақыт ішінде қатысушылар абаттандыру жоспарын дайындап, нақты өзгерістер мен жобаның қажетті бюджетін көрсетуі тиіс.
6 сәуір мен 24 сәуір аралығында дауыс беру өтеді. Ол үшін аудан аппаратының сайтында немесе Egov Mobile қосымшасында ЭЦҚ арқылы тіркеуден өту қажет.
Бір тұрғын тек бір жоба үшін дауыс бере алады. Жеңімпаздар үш санат бойынша анықталады:
-40 пәтерге дейінгі аулалар;
-100 пәтерге дейінгі аулалар;
-100 пәтерден асатын аулалар.