ТАЗА АУЛА. ТАЗА ҚАЛА. ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

ТАЗА АУЛА. ТАЗА ҚАЛА. ТАЗА ҚАЗАҚСТАН

«Таза Қазақстан» науқанын қолдау мақсатында «Тұрсын-Астана 2» ТК үйінің тұрғындары (Р. Қошқарбаев даңғылы 46/1) сенбілік өткізіп, үйдің аумағын қар мен қоқыстан тазартты.

60-тан астам көршілер жұмыс құралдарымен қаруланып, аулаға шықты. Үйдің кішкентай тұрғындары да шетте қалмады: ойыншық қалақшаларын ала келген бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары.

Ер азаматтарға ыстық шай, бауырсақтар мен тәттілер ұйымдастырған әйелдер қауымы да қолдау білдірді.

«Сарайшық» ауданы әкімдігінің қызметкерлері атап өткендей, көптеген үйлерге үлгі бола алатын тату көршілік қарым-қатынастар осындай болса керек.