Астаналықтардың таңдауы: «Нұра» ауданында дауыс беру қорытындысы бойынша 8 аула абаттандырылады

Астаналықтардың таңдауы: «Нұра» ауданында дауыс беру қорытындысы бойынша 8 аула абаттандырылады

«Нұра» ауданының әкімдігінде «Халық қатысатын бюджет-2025» бағдарламасының қорытындысы шығарылды. Тұрғындардың дауыс беру нәтижелері бойынша осы жазда ең көп дауыс жинаған 8 аула күрделі жаңартылады.

Бағдарлама шеңберінде барлығы 74 өтінім келіп түсті. Оның ішінде сараптамалық кеңес абаттандыру критерийлеріне неғұрлым сәйкес келетін 15 жобаны іріктеп алды. Дауыс беру барысында олардың жартысы қала тұрғындарының қолдауына ие болды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша келесі аулалар абаттандырылады:

1️⃣ Мәншүк Мәметова көшесі, 8, 10;
2️⃣ Мәншүк Мәметова көшесі, 2, 2/1;
3️⃣ Тұран даңғылы, 56;
4️⃣ Сығанақ көшесі, 14;
5️⃣ Сығанақ көшесі, 18;
6️⃣ Қайым Мұхамедханов көшесі, 28, 28А, 28Б;
7️⃣ Анет баба көшесі, 11/2;
8️⃣ Шыңғыс Айтматов көшесі, 31, 31А, 31б.

Жобаларды іске асыру сәуір айының ортасында басталады, ал жұмыстарды аяқтау қыркүйектің екінші жартысына жоспарланған.