«Нұра» ауданының әкімі аппараты ғимаратында ҚР Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата сарапшысы Айжан Скакованың қатысуымен елорданың экологиялық жағдайын жақсарту туралы студенттерге арналған білім беру дәрісі өтті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен шараға қаланың 15 ірі құрылыс ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік органдар, «Астана Жастары» еріктілері және эко-активистер қатысты.
Талқыланған негізгі тақырып құрылыс қалдықтарын жою болды.
«Ғарыштық түсірілімдер нәтижесінде 2024 жылы 139 рұқсатсыз құрылыс қалдықтары төгілген орын анықталды. Бұл қалдықтардың негізгі бөлігі екі көзден түседі: құрылыс алаңдарынан және жаңа пәтерлерге кірген тұрғындар жөндеу жұмыстарын жүргізген соң, құрылыс қалдықтарын дұрыс емес жерлерге шығарады. Кейбір құрылысшылар қоқыс үшін контейнерлер орнатпайды, басқа жағдайларда ресми түрде жоюдың құны жоғары болуы мүмкін. Бірақ бұл ауданның экологиясы үшін үлкен проблема туындатады», — деп атап өтті Ришат Тұрдыбеков.
Келесі сөз кезегі ҚР Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата сарапшысы, эколог Айжан Скаковаға берілді.
«Өкінішке орай, экология көп уақыт бойы басым бағыттардың қатарына кірмеген еді. Алайда бүгін Қазақстан Президенті бұл мәселені негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындап, бүкіл ел бойынша оны шешуге бағытталған белсенді жұмыстар басталды. Осыған орай, заңнамалық базаға тиісті өзгерістер енгізу үшін барлық мүдделі тараптардың пікірлерін есту маңызды. Қазіргі таңда жаңа ережелер әзірленуде, оларды елорда деңгейінде қабылдау бұл мәселелерді тиімді реттеуге мүмкіндік береді.», — деп атап өтті эколог.
Кездесу барысында «Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілі өз презентациясында спутниктік мониторинг арқылы қоршаған ортаның жағдайын бақылау процесі мен портал жұмысымен таныстырды.
«Астана Жастары» волонтерлері жастарды мәселені шешуге тарту бойынша өз идеяларымен бөлісті.