Сот әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғалар тізілімінің сайты іске қосылды

Сот әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғалар тізілімінің сайты іске қосылды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Астана қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті qamqor.gov.kz ақпараттық порталда "сот әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың тізілімі" функционалы іске асырылды.

Тізілім шығыс ақпаратын бере отырып, сот әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерінің болуын не болмауын автоматты түрде тексеру үшін құрылған.

Ақпаратты тексеру және беру электрондық құжаттың түпнұсқалығына тексеру жүргізу мүмкіндігімен ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және оның берілген күні бойынша автоматты режимде жүргізіледі.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 12 ақпанынан бастап мәліметтерді тексеру және ақпарат алу тек қана жария порталдан талап етілуі тиіс qamqor.gov.kz, мұнда ақпарат тәулігіне 1 (бір) рет қана талап етілуі мүмкін.