Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этикалық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этикалық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды

«Нұра» ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және этикалық нормаларды сақтау мәселелері бойынша кездесу өтті.

«Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» РҚБ қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Рахметуллин сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасы мен мәдениетін арттыруға бағытталған заңнама қағидаттарын түсіндірді.

Кездесуге сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ғалымжан Амантай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаментінің өкілдері — бақылау басқармасының басшысы Нұрболат Әділов және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басышсының м.а. Дулат Латыпов қатысты. Спикерлер мемлекеттік қызметшінің этика қағидаттары, қызметтік және қызметтен тыс мінез-құлық стандарттары, сондай-ақ белгіленген нормаларды сақтамаған жағдайда қолданылатын тәртіптік жауапкершілік шаралары туралы айтты.

«Мұндай кездесулер адалдық қағидаттарын нығайтуға, жауапкершілік пен кәсіби этиканы арттыруға ықпал етеді», — деді «Нұра» ауданы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Баярстанов.