Бүгін «ҚазМұнайГаз» скверінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды ағаш отырғызу шарасы өтті. Іс-шараға қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты. Олармен бірге 200-ге жуық адам көгалдандыру жұмысына атсалысты.
Барлығы 1 320 ағаш: шырша, қарағай, мойыл, алма және тал ағаштары отырғызылды.
Ашық аспан астындағы Ғарыш музейінің жанындағы аумақ біртіндеп қала тынысын сезінуге әрі жайлы демалуға мүмкіндік беретін жасыл кеңістікке айналып келеді.