«1 адам – 5 ағаш»: «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері «Үркер» тұрғын алабында 200 түп ағаш отырғызды

«1 адам – 5 ағаш»: «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері «Үркер» тұрғын алабында 200 түп ағаш отырғызды

«1 адам – 5 ағаш» ұлттық экологиялық эстафетасы және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 2025 жылғы 18 қазанда «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері Астанада сенбілікке қатысып, 200 түп ағаш отырғызды. Кәсіпорын қызметкерлері жасылдандыру эстафетасын «Oil Construction» компаниясынан қабылдап, оны «KazakhOil Aktobe» ЖШС-не табыстайды.

Көгалдандыру акциясы Үркер тұрғын алабында, №33 орта мектептің маңында өтті. Іс-шараға 200-ге жуық қызметкер атсалысты. Бизнесті қолдау басқармасы тарапынан алдын ала көшеттер, жұмыс құралдары мен қолғаптар дайындалды. Компания аппаратының қызметкерлері ағаш отырғызу акциясына белсене қатысу арқылы қалалық аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға, мектеп маңындағы ауданның эстетикалық келбетін арттыруға елеулі үлес қосты. Сонымен қатар, олар мектеп оқушыларына қоршаған орта мен елордамыздың абаттандырылуына ұқыпты қараудың жарқын үлгісін көрсетті.

Бүгінде компания қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында еліміздің түрлі өңірлерінде барлығы 7000-ға жуық түп ағаш отырғызып, 140 тоннадан астам қоқыс шығарды.