Ауа райының салқындауына байланысты аудандағы субұрқақтарды жоспарлы консервациялау жұмыстары басталды. Бұл шаралар су көздерінің инженерлік жүйелері мен жабдықтарын сақтап, көктемде қайта іске қосу үшін маңызды.
Қазіргі уақытта субұрқақтардың суын толық ағызып, су айдындарын тазалап, сорғы мен жарықтандыру жабдықтарын бөлшектеуде. Кейін мамандар ағаш брустардан қорғаныс қаңқасын орнатып, бояу жұмыстарын жүргізеді. Мұндай шаралар қыс мезгілінде суық пен температураның ауытқуынан болатын зақымдардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстардың барлығы субұрқақтардың техникалық жағдайын жақсы күйде сақтап, келесі маусымда олардың қалыпты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.