«Нұра» ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілерге дін саласындағы мемлекеттік саясатты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері туралы семинар өтті. Семинарға спикер ретінде қалалық Дін істері басқармасы, аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері және әдеп жөніндегі уәкіл Ғалымжан Амантай қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға дін саласындағы қолданыстағы заңнама туралы өзекті мәліметтер ұсынылды. Спикерлер діни бірлестіктердің қызметін реттейтін құқықтық нормаларды және заң бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілікті жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар радикалды діни ағымдарға тартудың әдіс-тәсілдері қарастырылып, қолданылатын идеологиялық және психологиялық ықпал ету тетіктері мен нақты жағдайлар мысалында талданды.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, деструктивті ықпалдарға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді.