Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ауданда композиторлар, музыкалық ұжымдар мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қатысуымен мәдени шара ұйымдастырылды. Аға буын өкілдері Абайдың өлеңдерін оқып, оның сөздеріне жазылған әндерді орындап, ұлы ақынның мұрасы ұрпақтар үшін қандай құндылыққа ие екенін айтып өтті.
⠀
Іс-шара соңында «Ақ бата» тобы Абайдың әжесі Зереге арналған кимешек ұсынды. Кимешекті безендіруге ауданның ардақты аналары мен әжелері атсалысып, ұрпақ тәрбиесіндегі аналардың рөліне деген құрметін білдірді.
Мұндай бастамалар рухани құндылықтарды сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және ұлттық мұраға деген құрметті арттыруға ықпал етеді.