Мектепке жол — мейірімнен басталады!

Мектепке жол — мейірімнен басталады!

«Мектепке жол» дәстүрлі акциясы аясында «Нұра» ауданында аз қамтылған және мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп құралдарын жинауға арналған екі арнайы мейірім мекені — қамқорлық жәшіктері орнатылды.

Бокстар келесі мекенжайларда орналасқан:
📍«Сарыарқа» СОО алдында;
📍«Tumar» СО алдында.

Жаңа оқу жылына дайындықта балаларға көмек қолын созғысы келетін барлық тұрғындарды игі іске атсалысуға шақырамыз!