Бүгін Хиросима префектурасының губернаторы Хидэхико Юдзаки кеңес кезеңінде Қазақстан аумағында қаза тапқан интернацияға ұшыраған жапон азаматтарына арналған ескерткішке барды.
Гүл қою рәсіміне Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері қатысты.
Іс-шара тарихи оқиғалар құрбандарына деген құрметтің белгісі ғана емес, сондай-ақ тарихи жадыны сақтау мен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықтың нығая түскенінің символына айналды.