«Астана Генплан» ғимаратында тұрғындармен кездесу өтіп, жаңа ЕК-20 көшесінің құрылысы талқыланды. Шараға қалалық Көлік басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин, «Астана Генплан» ҒЗЖИ» ЖШС директорының орынбасары Азамат Хамитов және «Нұра» ауданының әкімі Ришат Тұрдыбеков қатысты.
ЕК-20 көшесі Төле би көшесіндегі 61 және 63 үйлердің арасынан өтетін болады. Мамандар тұрғындарға құрылыс кезінде қандай инфрақұрылым элементтері қарастырылатынын жан-жақты түсіндірді. Нысанды биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.