№51 жаңа полиция пункті Ш. Чокин көшесі, 6 мекенжайында орналасқан. Аталған пункт үш мектепті, екі балабақшаны және ондаған тұрғын үй кешендерін қамтиды.
Ашылу салтанатына Астана қаласы Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев, аудандыш Полиция басқармасының басшысы Қайрат Мәдиев, аудан әкімі Ришат Тұрдыбеков, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты Наталья Дементьева қатысты.
«Қаламызда құқықтық тәртіпті сақтауға ықпал ететін жаңа полиция пункттерінің ашылып жатқаны қуантады. Мемлекет басшысы атап өткендей, елімізде заң мен тәртіп үстемдік құруы тиіс. Бұл қағидалар тек ересектер үшін ғана емес, жастар үшін де үлгі әрі бағдар болуда», — деді Наталья Дементьева.
Сонымен қатар, депутат қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті нығайту мен құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды заң жобасы қаралып жатқанын, бұл бастаманың мақсаты мен мазмұны аталған жоба аясындағы жұмыстармен үндесетінін атап өтті.