Елорда күніне орай «Нұра» ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылған екі аула ашылды

Елорда күніне орай «Нұра» ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылған екі аула ашылды

Туран даңғылы, 56 мекенжайындағы «Научный» тұрғын үй кешенінің ауласында балалар ойын алаңы, спорттық алаң және шағын сәулет нысандары орнатылып, отбасылық жайлы демалыс орнына айналды.

Ал Ш.Айтматов көшесі, 31 мекенжайында балалар енді заманауи футбол алаңында ойнай алады.

«Халық қатысатын бюджет» аясындағы жұмыстар толық аяқталды, алайда аудан аулаларын көріктендіру әрі қарай жалғасады — алда жоспарлы абаттандыру мен басқа аулаларды қалпына келтіру жұмыстары күтуде.