«Нұра» ауданының әкімі Ришат Тұрдыбеков №69 мектеп-гимназиясының оқушыларын — «Үміт» жас сарбаз ұйымын «Айбын-2025» әскери-патриоттық жиынында көрсеткен нәтижелері және елорда имиджін арттыруға қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен марапаттады.
Аталған жиын Ақтөбе облысында өтіп, Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Беларусь елдерінің өкілдерін қоса алғанда, 700-ден аса қатысушысы бар 50-ден астам команданы біріктірді. «Үміт» командасы футбол турнирінде 1-орынға ие болды. Ал 10 «Е» сынып оқушысы Диас Жаңбырбай турникке тартылу бойынша жарыста қола жүлдегері атанды.
«Үміт» жас сарбаздар клубы мектеп жанынан 2023 жылы құрылған. Бүгінгі жетістіктер — мектеп ұжымының, тәлімгерлердің және жергілікті қолдау бастамаларының үйлесімді жұмысының нәтижесі.