Ерекше балалар ауданның қоғамдық өміріне, оның ішінде мәдени және әлеуметтік іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Солардың бірі – Балаларды қорғау күніне орай өткен мерекелік бағдарлама болды.
Аудан өміріне белсене атсалысқаны үшін қатысушыларға «Нұра» ауданының әкімі Ришат Турдыбековтың атынан алғыс хаттар табысталды. Марапаттарды аудан әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова тапсырды.
«Біз ерекше балаларды аудандық бастамаларға жүйелі түрде тартамыз. Әрбір баланың қоғамның толыққанды мүшесі екенін формалды түрде емес, шынайы түрде сезінуі маңызды», — деп атап өтті ол.