Ауданда «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда

Ауданда «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда

Аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Негізгі мақсат — жасөспірімдер қылмысының деңгейін төмендету, құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу және балалардың мінез-құлқы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

Көшелер мен қоғамдық орындарда жасөспірімдерге қатысты бұзақылық, қоғамдық тәртіпке қарсы әрекеттер мен құқыққа қайшы іс-қимылдарға жол бермеуге ерекше назар аударылуда.

«Жасөспірімдер қылмысының алдын алу — бұл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, ата-аналардың да қатысуын талап ететін кешенді міндет. Өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта тек бірлескен күш-жігер арқылы қалыптасады», — деді Дарын Тлеубекұлы, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі бас маманы.