Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты өрттің алдын алу шаралары күшейтілді. Аудандық ТЖ басқармасымен бірлесіп, арамшөптер мен қамыстарды тазарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Аталған жұмыстарға триммерлермен жабдықталған 20-дан астам адам тартылып, аумақты жырту үшін екі трактор жұмылдырылды. Қолжетімсіз, батпақты жерлерде амфибиялық қайық қолданылуда.
Мұның барлығы өрттің алдын алып, өрт қаупі жоғары маусымда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр. Әрқайсымыз қаламыздың қауіпсіздігіне өз үлесімізді қоса аламыз. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін есте сақтау маңызды: арнайы белгіленбеген орындарда от жағуға болмайды, табиғатта мұқият болыңыз және өрт жағдайында бірден 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.