1 маусым күні Үркер тұрғын алабында «Айғыржал», №69 мектеп-гимназиясының артындағы және «Нұра» ДШСК жанындағы саябақтардың салтанатты ашылуы өтті.
Енді бұл жай ғана демалыс аймақтары емес, белсенді әрі жайлы өмір сүруге арналған кеңістіктер: түрлі-түсті және қауіпсіз ойын элементтері, жаңа тартан жабыны бар спорт алаңдары, жаттығу құрылғылары, баскетбол және футбол алаңдары орнатылған.
Қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, ал балалар үшін көңілді аниматорлар мен жүлделері бар қызықты байқаулар мерекелік атмосфера сыйлады.