Меню

Астана қаласының мәслихаты

Астана қаласының мәслихаты туралы  

Астана қаласының мәслихаты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елорда халқының еркін білдіретін және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын, олардың орындалуын бақылайтын өкілді орган.

Елорда халқы санының артуына байланысты жаңадан сайланған мәслихаттың сандық құрамы артты. Бұған дейін мәслихат құрамында 31 депутат болса, қазіргі уақытта оның құрамына 34 депутат кіреді. Партиялық тізімдер бойынша сайланған 17 депутаттың ішінде: «AMANAT» партиясында 12 мандат, «ҚХП» партиясында және Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында бір-бір мандат, «Ақ Жол» партиясында 3 мандат. 17 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланды. Мәслихаттың жаңа сайланымы құрамында 25 ер адам және 9 әйел бар. Ең жас депутат 23 жаста, ең үлкені - 63 жаста. Депутаттардың орташа жасы - 46 жас.

Қалалық мәслихаттың өз функцияларын босатылған негізде орындайтын төрағасы мен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының төрағаларын қоспағанда, қалалық мәслихат депутаттары өз функцияларын қызметтерінен босатылмаған негізде орындайды. 

Мәслихат өз құзыреті шегінде елорданың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекітеді, қала бюджетін бекітеді және оның орындалуын бақылайды, жер қатынастарын, әкімшілік - аумақтық орналастыру мәселелерін реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының номаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауына жәрдемдеседі.

Сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерін іске асыруға жәрдемдесу және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған:

  • бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі,
  • заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі,
  • әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі,
  • құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі.

Ерекше маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдардың, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтардың қатысуымен жария тыңдаулар өткізіледі. Бұдан басқа, комиссиялар мәслихат шешімдерінің, қабылданған бағдарламалардың және мемлекеттік билік пен басқару органдарының басқа да актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметтері туралы есеп береді.

Депутаттар тұрғылықты жері бойынша халықпен жұмыс істеуге ерекше назар аударады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихат депутаттары сайлаушылармен тұрақты байланыста болуға, оларды мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы үнемі хабардар етіп отыруға міндетті. Депутаттар мәслихатта партиялардың өкілдері ретінде азаматтарды қабылдауды және округтер бойынша жеке қабылдауларды жүргізеді. Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, олардың қарауына мәселелерді енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау тәртібі және басқа да ұйымдастырушылық және рәсімдік мәселелер сессияда бекітілетін мәслихат регламентінде айқындалады.

Адрес: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй
Тел: +7 (7172) 55-66-31 (приемная);
+7 (7172) 55-72-94; +7 (7172) 55-54-83 (канцелярия)
E-mail: astana@maslihat01.kz
1
Пресс центр
Астана қаласы Ревизиялық комиссиясының отырысында «Елордақұрылыс компаниясы» ЖШС мен «Елорда даму» ЖШС-іне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралдыАстана қаласы Ревизиялық комиссиясының отырысында «Елордақұрылыс компаниясы» ЖШС мен «Елорда даму» ЖШС-іне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды
Елорданың дизайн-кодын бекіту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы (03.12.2025)Елорданың дизайн-кодын бекіту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы (03.12.2025)
Астана қалалық мәслихатының депутаттары білім және спорт салаларында іске асырылған бірқатар нысандарға шығу жиынын өткізді (02.12.2025)Астана қалалық мәслихатының депутаттары білім және спорт салаларында іске асырылған бірқатар нысандарға шығу жиынын өткізді (02.12.2025)
Астана қаласы тұрғындарының және қалалық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!
«Астана Тазалық» базасында екі кәсіби байқау ұйымдастырылды (29.11.2025)«Астана Тазалық» базасында екі кәсіби байқау ұйымдастырылды (29.11.2025)
Направления
Мәслихат сессиялары
Тұрақты комиссиялар
Нормативтік құқықтық актілердің жобалары
Сайлау комиссиялары
Қалалық мәслихаттың VI шақырылған сессиясында негізгі мәселелер бойынша қабылданған шешімдердің тізбесі
Нормативтік құқықтық актілер
Астана қаласының Қоғамдық кеңесі
Комиссия есептері
Сайлау комиссиялары туралы ақпарат
VI шақырылым
Полезные ссылки
Документы
Об утверждении Правил использования веб-портала государственных закупок и Правил работы веб-портала государственных закупок в случае возникновения технических сбоев работы веб-портала государственных закупок
2024-10-09T00:00:00Z
О государственных закупках
2024-07-01T00:00:00Z
О государственных услугах
2013-04-15T00:00:00Z
Вакансии
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты аппараты басшысының орынбасары
2020-10-23
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат аппаратының бас маманы
2021-03-18
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат аппаратының бас маманы
2021-03-18
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты аппаратының жетекші маманы
2022-07-07
Календарь событий
Услуги
Слайды
e-Otinish – Мемлекеттік органдарға өтініш беру
e-Otinish – Мемлекеттік органдарға өтініш беру
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Страницы
Мәслихат туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Реализуемые проекты
Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты