Елордамыз жасыл желекке бөленеді (29.04.2025)

Елордамыз жасыл желекке бөленеді (29.04.2025)

Биыл Астанада 1 миллионнан астам жасыл желек — ағаштар, бұталар, көпжылдық және біржылдық гүлдер отырғызылады.

Бүгін «Астана Генплан» ЖШС базасында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен көгалдандыруға бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Жоспарға сәйкес:

  • 38 қоғамдық және 152 аула аумағын көгалдандыру,
  • ағаштардың электрондық төлқұжаттарын енгізу,
  • жасыл желекті цифрландыру мен мониторинг жүргізу,
  • ЛРТ желілерінің астындағы аумақтар да қамтылатын жаңа қоғамдық кеңістіктерді құру көзделуде.