Жақында құрылған «Нұра» ауданының бірқатар өзекті мәселелері бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына арналған көшпелі кеңес барысында талқыланды (22.04.2025)

Жақында құрылған «Нұра» ауданының бірқатар өзекті мәселелері бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына арналған көшпелі кеңес барысында талқыланды  (22.04.2025)

Кеңес аясында ауданды абаттандыру, көгалдандыру, жолдар мен көшелерді жөндеу және салу, сондай-ақ «AMANAT» партиясының сайлауалды уәделерін орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру бағыттары бойынша қосымша қажеттіліктер қаралды.

Өз кезегінде сайлау округтерінен сайланған мәслихат депутаттары инфрақұрылым, қоғамдық көліктің жұмысы, абаттандыру, жол-көлік желісі, рұқсатсыз қоқыс төгетін орындар және басқа да түйткілді мәселелерді көтерді.

Аталған мәселелер тиісті мемлекеттік органдардың бақылауына алынды.