Бюджеттік қаражаттың тиімді игерілуін бақылау мақсатында ұйымдастырылған көшпелі жиын барысында «Есіл» ауданының қажеттіліктері мен өзекті мәселелері талқыланды. Аудан елордамыздың ірі әрі әкімшілік-іскерлік орталығы болып табылады.
Басымдық берілетін бағыттардың қатарында – абаттандыру, жарықтандыру және көгалдандыру жұмыстары. Өткен жылы осы мақсаттарға қосымша қаржы бөлу туралы мәселені мәслихат қолдаған болатын. Қазіргі таңда тұрғын үй алаптарының жағдайын жақсартуға және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Ауданнан сайланған мәслихат депутаттары бірқатар нақты ұсыныс-пікірлерін білдірді:
Бірқатар мәселелерге жауаптар тиісті басқарма өкілдерінен тікелей жиын барысында алынды. Ал жүйелі түрде шешуді қажет ететін мәселелер мәслихат депутаттарының бақылауына алынды.