Астана қаласы тұрғындарының және Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланым депутаттарының назарына!

Астана қаласы тұрғындарының және Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланым депутаттарының назарына!

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 2026 жылғы 18 тамызда сағат 16:00-де коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдаулар өткізеді.

«Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығына сәйкес, БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін astana@maslihat01.kz электрондық поштасына 2026 жылғы 17 тамыз сағат 18:00-ге дейін ресми сұраныс жіберу қажет.

Анықтама телефондары: 55-66-37, 55-66-31.  

Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден