
Депутаттар «Өндіріс» тұрғын алабында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, бүгін «Железнодорожный» тұрғын алабында сенбілікке қатысты. Келесі кезекте — «Үркер» тұрғын алабында жұмыстар жалғасады.
Еске сала кетейік, Астанада «Таза Қазақстан — жауапкершілік белесі» атты ауқымды экологиялық айлық өтуде. Осы бастама аясында қала бойынша «Таза қала» ұранымен абаттандыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Осындай бастамалардан тыс қалмай, белсенділік танытып жүрген тұрғындарға ерекше алғыс айтылды. Олардың атсалысуы — туған қалаға деген шынайы жанашырлықтың айқын көрінісі.