2026 жылы 24 сәуірде сағат 11:00 Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
- Астана қаласы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) және автожанармай құю станцияларына бөлінген жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер туралы.
- «Астана қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Астанa қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 375/48-VIII шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
- Толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт бойынша іске асырылатын объектілердің тізбесі туралы.
- Астана қаласында қолжетімді ортаны қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы.
- «Астана қаласында қандас мәртебесін беру немесе ұзарту жөнінде комиссия құрамы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 122/15-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу туралы.
- «Депутаттық этика мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 20/2-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Анықтама үшін телефондар: 55-66-36.