
Форум бүгінде тек кәсіби алаң ғана емес, бүкіл саланың болашағы қалыптасатын маңызды кеңістікке айналды. Негізгі назар жаңғыртуға, цифрландыруға, тұрақты дамуға, сондай-ақ саланы дамытудың негізгі құралы ретінде тариф қалыптастыру мәселелеріне аударылды.
Панельдік сессиялар барысында қатысушылар:
Сумен жабдықтау тек инфрақұрылым ғана емес, әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының маңызды факторы екені атап өтілді. Сондықтан тек талқылап қана қоймай, нақты шешімдер қабылдап, оларды іс жүзінде жүзеге асырудың маңызы айтылды.
Форум мемлекеттік органдардың, салалық ұйымдардың, бизнестің және халықаралық серіктестердің өкілдерін біріктірді. Мұндай диалог нақты өзгерістердің негізіне айналатыны атап өтілді.
Қабылданған тәсілдер Қазақстанның заманауи, сенімді әрі тиімді су инфрақұрылымын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болмақ.