Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы өтті (12.03.2026)

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы өтті  (12.03.2026)

Президент өз сөзінде жергілікті өкілді басқару жүйесінің алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындап берді. Өңірлерді дамытудағы және тұрғындарды тікелей толғандыратын мәселелерді шешудегі мәслихаттардың рөліне ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы депутаттардың халықпен өзара іс-қимылын нығайту, жергілікті билік органдарының ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері белгіленді. Азаматтардың өтініштерімен тиімді жұмыс істеу, әлеуметтік саланы дамыту, жастарды қолдау және қалалар мен ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

«Форум еліміздің барлық өңірлерінен келген депутаттар арасында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және елді одан ары дамытуға бағытталған бірлескен шешімдер қабылдауға арналған маңызды алаңға айналды», - деп атап өтті елордалық мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.