
Алдағы референдум, ұсынылып отырған өзгерістер және олардың елдің одан әрі дамуы үшін маңызы талқыланды. Тұрақтылық, жауапкершілік және болашақты айқындайтын шешімдерді қабылдауға әр азаматтың қатысуының маңыздылығы туралы айтылды.
Сондай-ақ елордадағы стратегиялық маңызы бар нысандардың еңбек ұжымдарының рөлі ерекше аталып өтті — олардың күнделікті еңбегі қаланың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан алдағы дауыс беру туралы ақпараттың түсінікті әрі қолжетімді болуы аса маңызды.