
Бұл кеште көрермендер сазгердің кеңінен танымал туындыларын халық әртісі, профессор, опера әншісі Шахмардан Әбіловтің, сондай-ақ басқада дарынды өнерпаздар орындауында тыңдады. Концерттік бағдарлама классикалық шығармалар мен заманауи интерпретацияларды тоғыстырып, композитордың шығармашылық мұрасының ауқымы мен көпқырлылығын жаңаша сезінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара Е.Серкебаев мерейтойына арналған тағылымды тарту болып, көрермендерге оның музыкасының жанды әуенін және жоғары өнердің айрықша атмосферасын сыйлады. Концерт түрлі буын өкілдерін біріктіріп, композитор мұрасының бүгінгі күні де өзектілігін сақтап, кең сұранысқа ие екенін айқындады.