2026 жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті

2026 жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті

Іс-шара Астана қаласының қалалық мәслихатының «Байтақ» партиясынан сайланған депутат М.Е. Самамбетовпен бірлесіп өткізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға Конституция жобасының негізгі ережелері таныстырылды, ұсынылған түзетулер және олардың мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуы үшін маңызы түсіндірілді. Ерекше назар қоршаған орта мен адам денсаулығы мәселелеріне, сондай-ақ олардың елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөліне аударылды.

Кездесуге қатысушылар ашық және сындарлы диалог барысында өздерін қызықтыратын мәселер бойынша сұрақтар қоюға және өзара пікір алмасуға мүмкіндік алды.