Астана қаласы Ревизиялық комиссиясының отырысында «Елордақұрылыс компаниясы» ЖШС мен «Елорда даму» ЖШС-іне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды

Астана қаласы Ревизиялық комиссиясының отырысында «Елордақұрылыс компаниясы» ЖШС мен «Елорда даму» ЖШС-іне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды

Тексеру тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын іске асыру және елордадағы проблемалық нысандарды аяқтау шеңберінде жүргізілді. Бұл бағыт – қала тұрғындары үшін аса маңызды және сезімтал мәселелердің бірі.

Аудит ауқымды көлемде жүргізіліп, әкімдікке қарасты екі уәкілетті ұйымның 2023–2024 жылдардағы қызметіне талдау жасалды. Әсіресе апатты үйлерді сүріп тастау, азаматтарды көшіру, жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы, сондай-ақ қалада әлі де бар ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау барысына ерекше көңіл бөлінді.

Соңғы жылдары бірқатар тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, үлескерлер пәтерлермен қамтамасыз етілді, кейбір нысандар қала балансына өткізілді.

Сондай-ақ реновация бағдарламаларының іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстап, сессиялар мен комиссия отырыстарында өзекті мәселелерді көтеріп, жобаларды басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізіп отырған қалалық мәслихат депутаттарының жүйелі рөлі атап өтілді.