Елорданың дизайн-кодын бекіту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы (03.12.2025)

Елорданың дизайн-кодын бекіту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы (03.12.2025)

Қалалық мәслихатта құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар ақпараттық және жарнамалық конструкцияларды орналастыруға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін Астана қаласының дизайн-код жобасын талқылады. Сондай-ақ, құжат ғимараттардың қасбеттерінің сыртқы түріне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтиды және елорданың бірыңғай архитектуралық стилін қалыптастыру тәртібін анықтайды. Сонымен қатар, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы атап өткендей, дизайн кодында жарнамалық медианың түстер палитрасына қатысты қатаң талаптар жоқ. Бұл құжат басқарма қызметін жетілдіру үшін, әсіресе, туристер мен елорда қонақтары жиі баратын магистральдық көшелерді безендіру кезінде өте маңызды, сондай-ақ, дизайн коды қолайлы қалалық ортаны құруға ықпал етеді.

Депутаттар қаланы құрылыс түрі мен көрнекі сипаттамалары бойынша аймақтарға бөлу мәселелерін, маңдайшалардың, ғимараттардың қасбеттерінің, жарнамалық тасығыштардың түс кестесіне қойылатын талаптарды, объектілердің сыртқы түрінің өзгерістерін келісу тәртібін, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылға қатысты дизайн-кодты бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын, қоғамдық тамақтану объектілерін рәсімдеудегі ерекшеліктерді, маңдайшалар мен жарнамалық құрылымдарды орналастыру мәселелерін заңнамалық реттеу қажеттілігін көтерді.

Дизайн кодын басқару ережелерінде белгіленген бақылауды жүзеге асыру тетіктеріне, соның ішінде, келісу процестері мен бизнес-қоғамдастықтың қатысуына ерекше назар аударылды.

Мәслихат төрағасы қасбеттерді ауыстыру, кондиционерлерге арналған себеттерді орналастыру, ғимараттардың қасбеттерін вандализмге қарсы берік материалдармен қаптау мәселелерін барлық мүдделі тараптардың қатысуымен талқылауды ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша, депутаттар жобаны талқылау сатысында көптеген қалалық мәселелерді шешуге болатын ашық ынтымақтастық қажеттілігін атап өтіп, тұрақты қалалық даму құралы ретінде дизайн-кодты енгізу қажеттілігін қолдады.