
Астана маслихатының депутаттары күрделі жөндеуден кейін жұмысын қайта бастаған №3 қалалық аурухананың хирургия корпусында болды. Медицина ұйымының басшылығы қонақтарға атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырып, материалдық-техникалық базаны одан әрі жетілдіру жоспарлары туралы баяндады.
Күрделі жөндеу жұмыстары аясында корпустың барлық функционалды аймақтары қазіргі медициналық стандарттарға сәйкестендіріліп жаңғыртылды:
Сонымен қатар медициналық жабдықтар, инженерлік желілер және ғимараттың ішкі жабдықталуы жаңартылды. Бұл көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.