Депутаттар аудан әкімдерінің есептерін тыңдауды бастады

Депутаттар аудан әкімдерінің есептерін тыңдауды бастады

Бүгін қалалық мәслихаттың депутаттары жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкі нәтижелері жөнінде аудан әкімдерінің есептерін тыңдауға арналған көшпелі отырыстарын бастады.

Алғашқы отырыс «Алматы» ауданында өтті. Онда ағымдағы жобалардың іске асырылу нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар жан-жақты талқыланды.

Депутаттардың негізгі назарында – бюджет қаражатының тиімді игерілуі, әлеуметтік маңызы бар бастамалардың орындалуы, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бағдарламалардың сапасы болды.