Депутаттар елорданың медициналық ұйымдарының жұмысымен танысты (07.10.2025)

Депутаттар елорданың медициналық ұйымдарының жұмысымен танысты (07.10.2025)

Елордадағы денсаулық сақтау жүйесі белсенді даму кезеңінде. Мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы қарсаңында депутаттар бірқатар медициналық ұйымдарға — №3 көпбейінді қалалық ауруханаға, қалалық перинаталдық орталыққа және №13 қалалық емханаға барды.

Кездесулер барысында перинаталдық көмек көрсету тарифтік саясатын жетілдіру, кадрлық әлеуетті арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды.

Астананың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға маңызды үлес қосады.