Бұл нысанда келесі жылдың алғашқы тоқсанында қайта жаңғырту бойынша жобалау-сметалық жұмыстар басталмақ. Кеңеске депутаттар мен мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, маңайдағы тұрғын үй алаптарының белсенді тұрғындары да қатысты.
Канализациялық-тазарту станциясы (КОС-1) алғаш рет 1964 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде бұл нысан ауқымды жаңғыртуды қажет етеді. Кездесу барысында тұрғындар өз ұсыныстарын, пікірлері мен нақты ескертулерін білдіріп, оларға кәсіпорын қызметкерлері мен сарапшылар тарапынан түсініктемелер берілді. Депутаттар шөгінділерді сақтау полигонын да аралап көрді. Аталған полигон – жағымсыз иістердің негізгі көзі болып табылады.
Жаңа станцияға келсек, оның құрылысы қазірдің өзінде басталған. Қазіргі уақытта нөлдік цикл жұмыстары жүріп жатыр. Бұл – қала үшін аса маңызды стратегиялық жоба. Оның іске қосылуы 2028 жылға жоспарланған. Жоба толығымен аяқталған соң, аталған нысан елорданың кәріз суларын тазартуға деген сұранысын 2035 жылға дейін толық қамтамасыз етеді.