Елордалық мәслихат депутаттары «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барды. Басты мақсат – Астана қаласы әкімдігінің құрылымдары мен мекемелерінде цифрлық трансформацияны жүзеге асыру барысымен танысу. Депутаттар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы, соның ішінде денсаулық сақтау бағытындағы заманауи цифрлық шешімдерге ерекше назар аударды.
Атап айтқанда, жедел жәрдем қызметін басқару жүйесі – көліктердің қозғалысын бақылау мен жанармай шығынын есептеу сияқты үдерістер қаралды. Автопарктің жұмысын жедел әрі ашық етуге бағытталған технологияларды енгізу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар ішкі процестерді оңтайландыратын және қалалық қызметтер мен тұрғындар арасындағы байланысты жақсартатын тетіктер қарастырылды.