Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Балалар үні» тақырыптық күні аясында VIII сайланым мәслихат депутаттарының мектеп омбудсмендерімен кездесуі өтті.
Кездесудің модераторы болып заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Азамат Айтхожин сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жастар – елдің болашағы ғана емес, қазіргі күні де екенін атап өтті. Депутаттық корпустың міндеті – жастардың ұсыныстары мен бастамаларына ашық диалог құру. Мектеп парламенттері көшбасшыларымен кездесу – бұл өз құрдастарының мүддесін білдіретін жастардың пікірін тыңдап, сонымен қатар жергілікті деңгейде өкілді биліктің қалай жұмыс істейтінін көрсетуге мүмкіндік.
Кездесудің қатысушыларына таныстыру сөзімен мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден сөз сөйледі. Ол Халықаралық балаларды қорғау күні – республика мен елорда жұртшылығы үшін ерекше маңызы бар мейрам екенін атап өтті, себебі бұл күн еліміздің барлық өңірінде балалардың қатысуымен әр түрлі шаралардың өткізілуімен ерекшеленеді. Мәслихат төрағасы елордада балалар үшін атқарылып жатқан көптеген игі істерге тоқталды: жайлы мектептер мен балабақшалар салынып, аула клубтары, спорт секциялары, шығармашылық орталықтар, заманауи ойын алаңдары мен гүл бақтарда демалыс аймақтары ашылуда. Дегенмен, депутаттардың басты жұмысы – балалардың білім алу, демалу және жан-жақты даму құқығын қамтамасыз етуге өз үлесін қосу. Қалада қауіпсіз, мейірімді әрі ашық орта қалыптастыру бағытында уәкілетті мемлекеттік органдар, азаматтық сектор және қоғам бірлесе еңбек етуде.
Кездесу барысында қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бейнеүндеуі ұсынылды. Сонымен қатар, Астана қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Асима Бимендина мен мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Асқар Смағұлов сөз сөйледі.
Кездесу барысында балалар белсенді қатысып, мәслихат депутаттарына және омбудсменге өз сауалдарын қойды.
Кездесу соңында мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден мектеп көшбасшыларына диалогқа белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, барлық ұсыныстар мен бастамалар назарға алынып, мәслихат депутаттарының алдағы жұмысында көрініс табатынын атап өтті.
Балаларға естелік сыйлықтар табысталып, мәслихат ғимараты бойынша саяхат ұйымдастырылды.