Астана қаласының мәслихаты «Елорданы жылумен жабдықтау және энергиямен қамтамасыз етуді дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективалары» тақырыбына көпшілік тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.
Көпшілік тыңдаулар 2025 жылғы 28 мамырда сағат 10:00-де мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн режимінде өтеді.
Байланыс деректері: 55-66-35, astana@maslihat01.kz.