Астана қаласының 25 жылдығына орай «ESIL MUSIC TIME» ашық  аспан  астындағы фестиваль өтті.

Астана қаласының 25 жылдығына орай «ESIL MUSIC TIME» ашық  аспан  астындағы фестиваль өтті.

Елордамыздың 25 жылдығы  — еліміздің маңызды жалпыұлттық мейрамы. Астана  — халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің  алтын тұғыры.

Атаулы мерекеге орай 18 маусым күні Амфитеатрда «ESIL MUSIC TIME» ашық аспан астындағы фестиваль өтті.
Шарада халықтың жүрегінен орын алған ескірмейтін ескі хит әндер жас буын әншілердің орындауында қайта жанданды. Атап айтсақ, Е. Хасанғалиевтің әйгілі «Бозторғай» әні, «МузАрт» тобының «Мен сені сүйемін», «NNBek» тобның «Қыздар-ай» әні жаңа өңдеуде көрерменге жол тартты.

«ESIL MUSIC TIME» - Тәуелсіздік жылдарында туылған хит әндердің музыкалық жаңа  формада берілуі.

Фестивалдің мақсаты: Қазақтың ескі әндеріне жаңа дем беру, халықтың құлағына сіңген, жаттанды әндермен әдемі әсер мен ерекше көңіл-күй сыйлау. Өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, қазақ тіліне деген құрметті әндер арқылы ояту.  

Фестиваль қатысушылары қазақтың белгілі композиторларының шығармаларына жаңа өмір беріп, ескі әндерге екінші өмір сыйлап, ешкім күтпеген жаңа нұсқасын тыңдарман назарына ұсынды.

Мерекелік шарада  Бейбіт Қорған, Алишер Каримов, Қазыбек Құрайыш, Еркеш Хасен, Мархаба Сәби, Әмре, Ayree , Sadraddin, Qanay, Kalifarniya, Rau, Домино тобы, Дильназ Ахмадиева т.б. эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.