«Аламан құрақ»: елордада қолөнершілер жәрмеңкесі мен мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі өтіп жатыр

«Аламан құрақ»: елордада қолөнершілер жәрмеңкесі мен мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі өтіп жатыр

Астанада «Аламан құрақ» жобасы аясында қолөнершілер жәрмеңкесі және мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі өтіп жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Рәміздер күніне орай өтіп жатқан жәрмеңкеге 250-ге жуық қолөнерші қатысып жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары қолөнершілердің құрақ көрпелерін қызықтап, оның тарихы мен жасалу жолы туралы мол мағлұматқа қанығуда. 

Таңертең басталған жәрмеңке кешке дейін созылмақ.

Құрақ көрпе – қазақ халқының ұлттық құндылығы және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүр.

Айта кетейік, «Қазақтың құрағына әлем керек» деген ұранмен «Аламан құрақ» жобасы ұйымдастырылды.