Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған отандық өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті

Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған отандық өнер жұлдыздарының қатысуымен  концерт өтті

Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған отандық өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. «Қазақстан» орталық концерт залында белгілі әншілер Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Мейрамбек Беспаев, Рухия Байдүкенова, Әлішер Кәрімов, Қанат және Светлана Айтбаевтар, сондай-ақ Астана қаласының эстрадалық-симфониялық оркестрі, Жас көрермен музыкалық театрының солистері және басқа да өнерпаздар ән шырқады. Концертке композитордың жұбайы Жәмилә Қалдаяқова да құрметті қонақ ретінде қатысып, ұлы Мұхтар мен немересі Айсұлу Қалдаяқовтар өнер көрсетті.