Никулиннің аңызға айналған циркі

Никулиннің аңызға айналған циркі

Астана циркінде алғаш рет аты аңызға айналған Юрий Никулин атындағы цирк толық құрамда өнер көрсетті. Бұл Юрий Никулиннің 100 жылдығына арналған, үздік артистер шоғырланған теңдесі жоқ бағдарлама. Ю.Никулин циркі 1-ші қазан күнгі бағдарламасын халықаралық қарттар күніне орай қарттар үйінен, балалар үйінен және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан келген көрермендерге арнады.

Әлемдік цирк кеңістігінде  өзіндік қолтаңбасы бар атақты цирк ұжымының гастрольдік сапары Балалар жылы аясында 1-23 қазан аралығында өтеді. Никулин циркі көрермен назарына виртуоз гимнасшылар, әуе гимнасшылары мен  жонглерлер, акробат-эксцентриктер мен  эквилибристер, көпшілік сүйетін сайқымазақтардың таңғажайып бағдарламаларын ұсынады.

Билеттерді Тикетон сайтында және цирк кассаларында ала аласыздар.