
20 наурызда Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық спорт күніне арналған отбасылық «Ұлы Дала Ойындары» фестивалі ұйымдастырылады.
Эстафета үш кезеңнен тұрады. Әр командада әке, ана және 8–10 жас аралығындағы бала бар отбасылар қатыса алады. Командаларды тіркеу онлайн жүзеге асырылады. Өтінімдер 20 наурызға дейін 8 775 778 97 25 (Гульнара Базарханова) телефоны арқылы қабылданады. Жарыс сағат 10:00-де басталады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күні спорт алаңында отбасылық командалар — әкелер, аналар және балалар — ұлттық ойындарға негізделген және заманауи технологиялармен толықтырылған түрлі сынақтардан өтеді.
«Бұл отбасылық эстафетаны биыл екінші рет өткізгелі отырмыз. Биылғы фестивальдің ерекшелігі — шара Жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты Наурыз мерекесін жаңа форматта өткізуді жоспарлап отырмыз.
Фестиваль барысында қатысушылар жасанды интеллект элементтері қолданылған 3 кезеңнен тұратын жарыс күтеді. Әр команда үш адамнан — әке, ана және бала — құралған болуы керек. Жалпы қатысушылар саны шектелген: барлығы 12 команда, яғни 180 адам қатыса алады. Қатысушылар мен жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болады. Қатысу тегін, көрермендер үшін де кіру тегін. Барлық қала тұрғындары мен қонақтарды шақырамыз», — деді қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.
Эстафета құрылымы
I кезең — ұлттық спорт түрлері бойынша отбасылық эстафета
Әр команда мүшелері жеке эстафеталардан өтеді:
Әкелер эстафетасы:
Аналар эстафетасы:
Балалар эстафетасы:
II кезең — интерактивті жарыстар
AI технологияларын қолданатын заманауи сынақтар.
III кезең — финал
Арқан тарту бойынша командалық сайыс.
Айта кетейік, Ұлттық спорт күніне орайластырылған фестивальді Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.
Эстафета «Qazaqstan» (Тұран к-сі, 59) жеңіл атлетика спорт кешені 20 наурыз күні сағат 10:00-де басталады. Кіру тегін!
БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпарат алу үшін:
Байланыс тұлғасы — Ардана
Тел.: +7 705 950 4211