«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қабанбай батыр даңғылы, 5 мекен-жайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Астаналық цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі  Қабанбай батыр даңғылы, 5 мекен-жайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Астаналық цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

           Лауазымдық міндеттері:

  • ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымының (бұдан әрі – Ұйым) шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді;
  • мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
  • сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді;
  • қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді (прокат), жаңа және қайта қойылатын қойылымдарды (цирк көрсетілімдерін) шығаруды ұйымдастырады;
  • қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың (цирк көрсетілімдерін) жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді;
  • ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • директор орынбасарларына, шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және Ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі;
  • шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;
  • ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады;
  • бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

         Білуге ​​тиіс:

- Қазақстан Республикасының Конституциясын;

- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін;

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

- «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы»«Мемлекеттік мүлік туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                  іс-қимыл туралы»«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы                       30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) бекітілген Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын;

- ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.

         Біліктілікке қойылатын талаптар:

Білімі - кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

Жұмыс өтілі - мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін    5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе «Шетелде кадрлар даярлау бойынша республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес;

 

         Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде www.e-qazyna.kz тізілім веб-порталында ресімделген және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып қол қойылған, қазақ және орыс тілдерінде еркін нысанда ресімделетін түйіндемені қоса отырып,                     1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді электронды түрде береді.

         Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады.

          Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін                 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

 

 

 

Қосымша 1

____________________________
(конкурс өткізу туралы шешім
қабылдаған тиісті саланың
уәкілетті органының
(жергілікті атқарушы
органның не аудандық маңызы
бар қала, ауыл, кент, ауылдық
округ әкімі аппаратының)
атауы)

 

 

Конкурсқа қатысуға өтініш

 

      Мені, ________________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

                                               (кәсіпорынның атауы)

      кәсіпорнының басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

        "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Менің дербес деректерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан жинауға және өңдеуге өз келісімімді білдіремін.

      Ұсынылған құжаттардың анықтығын растаймын және көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік аламын.

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Мекен-жай _______________________________________________________

      Байланыс телефондары ______________________________________________

      e-mail: ____________________________________________________________

      ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________

      _________ _________________________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "____" _______________